Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңімпаз атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 мамыр, 2025
- 303

Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза әйгілі әнші Димаш Құдайберген ұйымдастырған челленджде жеңіске жетіп, Лондонда өтетін концертке билет иегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, 24 мамырда әлеуметтік желіге жүктелген бейнеролик қазіргі таңда 3,4 миллион қаралым мен 131 мың лайк жинап, өзге қатысушылардан оқ бойы озып шыққан.
«11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектермен тамаша бір тренд», – деп жазды мектеп директоры өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жеңімпаз бейнеролик Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен концертінде көрермендерге көрсетілді. Ал Лондондағы концертке арнайы билет директоры Ақмоншақ Нұртазаға әншінің анасы – Светлана Айтбаева тарапынан табысталды.