бейсенбі, 4 шілде, 2024 23:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қайырымдылық жасау - ізгіліктің белгісі

Қайырымдылық жасау - ізгіліктің белгісі
ашық дереккөзі
Қайырымдылық жасау - ізгіліктің белгісі

Қасиетті Құранда: «Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан (садақа етіп) жұмсаңдар десе, Пайғамбарымыз өзінің өсиетінде: «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Алладан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» деген. Әрбір иманды жанның осы хадистен алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Сол секілді, «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің  мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр.

Облысымыздың мешіттерінде тұрмысы төмен отбасы мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне көмек қолын созып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды үзген емес. Кезекті шарада Меркі ауданының 2 тұрғынына көмек көрсетілді. Өңірдің бас имамы Батырбек Қасымалиев өзі арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың хал-жағдайын сұрай барып, азық-түлік, мешіт атынан кілем сыйға тартты.

Жанұя имамның келгеніне қуанып, жасалған көмек үшін алғыстарын жеткізді.

Осыған дейін аталмыш ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиевтың ұйытқы болуымен ауыл имамдары жиналып, аудан тұрғыны, 8 жылдай Қызылсай ауылдық мешітінің имамы болып қызмет атқарған  Сағынай Асиловке электронды мүгедектер арбасы мен жаттығу аппаратын сыйлады. Жапондық технология  ешкімге тәуелді болмай-ақ, арбамен өзі еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

Мұндай көмекке шын қуанған жігітағасы алғысын айтып, көпшілік Сағынайдың сауығып кетуі үшін Алладан шипа сұрап, дұға жасады.

Жап-жас ғұмыры аяқ асты төңкеріліп, біраз жылдар бұрын мүгедектер арбасына таңылған болатын.

Жалпы, ислам жеке дара емес жамағаттың діні болғандықтан біздерді қашанда өзгеге игі жасауға итермелеп отырады. Осыған байланысты пайғамбар өз хадисінде: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе сол үшін сауапты болады», деген. Құранның өзінде: «Жақсылыққа жарысыңдар...» делінген. Өйткені, Алла Тағала адамды жақсылық жасауға бейімдеп әу баста фитратпен жаратқан. Сонымен қатар Алла Тағаланың: «Адам баласын көркем етіп жараттық...», «Адам баласын құрметті еттік...» деген аяттарының астарында адам жаратылысына тән қашанда өзгеге көркем болып, құрмет көрсету керектігі меңзеліп тұрғандай.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар