сенбі, 23 қараша, 2024 0:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттің дін саласындағы саясаты – тыныштық пен келісім кепілі

Мемлекеттің дін саласындағы саясаты – тыныштық пен келісім кепілі
ашық дереккөзі
Мемлекеттің дін саласындағы саясаты – тыныштық пен келісім кепілі

Қазіргі алмағайып заманда әр мемлекеттің дін саласындағы саясатын тиімді жүргізуі ел тыныштығының тұрақты кепілі. Дін мен мемлекет заңды тұрғыдан бөлінгенімен, елімізде өмір сүріп жатқан азаматтар діни ғұрыптарын еркін өтеуде. Мемлекетіміздің дін саласындағы саясаты дегеніміз Кеңес өкіметіндегі дінсіздендіру режимі емес, керісінше неше түрлі діни сенімдер мен ғибадат ерекшеліктеріне қарамастан татулықта, келісімде өмір сүруін нығайту болмақ. Қайсы мемлекетті алып қарасақта діннің өзекті мәселе екенін көруге болады. Оған себеп те жоқ емес.

Мәселен 2019 жылдың 15 наурызында мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында теракт болып, 49 адам қаза тауып, тағы сонша тұрғын жарақат алғанына бүкіл әлем куә болды. Бұл оқиға мұсылмандар мен христиан діндері арасында сызат түсіре жаздағанын ескерген жөн. Сондай-ақ, Сириядағы жағдай жазықсыз жандардың қанын діни себепті төгуде. Осындай қайғылы жағдайды болдырмас үшін, қазақ қоғамында радикалдық идеяны азайту мақсатында мемлекет тарапынан бағдарламалар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Тұңғыш президент Н.Назарбаевтің жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Осы бағдарлама тәрізді Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарламаның мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерін адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаға сәйкес 2022 жылы діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын адамдар санын 65%-ға дейін азайту көзделуде. Аталған мақсатқа жету үшін облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері діни құндылықтарды қазақтың мұсылмандық дүниетанымына  сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ, елімізде заңды тіркеуден өткен 18 конфессиялардың діни сенімін кемсітуіне жол берілмеуін ескеру жөн болады. Себебі әр конфессияның артында әлемде миллиондаған жақтаушылары кездеседі. Әр жақтаушы азаматтың діни сенімі өзі үшін қасиетті болып саналғандықтан, осындай нәзік мәселені ескере отырып, діни алауыздықты тудырмас үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттаған ел бірлігі мен татулығы үшін жемісті болмақ. Осы саясатты жеткізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары тарапынан жастарға, оқушыларға, жұмыссыздарға және шетелден оралған қандастарға әр түрлі форматта кездесулер өткізіп, діннің еңбасты қазынасы адам және оның өмірін сақтау туралы түсіндірілуде. Ислам дінінің басты қағидаларының бірі адамдарды бір-бірлерін тану үшін ұлт пен ұлыс ретінде жаратып және  қоғамдық қатынасты реттеу үшінде бауырмалшылдық болмақ. Қоғамдағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында ең әуелі адам өзіңді рухани тәрбиеге, имандылыққа баулу керек. Сонда ғана жеке адам түзелсе, қоғамда түзеледі. Бұл дегеніміз елімізде тұрып жатқан жүз отыздан аса ұлттар өздеріне тән болмысын сақтап, татулықта өмір сүру деген сөз. Төле би бабамыздың әкес, Әнет баба Кішікұлы айтпақшы «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» -дегендей ынтымағымыз жарасу үшін мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын қолдау маңызды деп білемін.

 

Ерзат Жақыпов,

облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар