сенбі, 23 қараша, 2024 1:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыста «Әжелер алқасы» көптеп ашылуда

Облыста «Әжелер алқасы» көптеп ашылуда
ашық дереккөзі
Облыста «Әжелер алқасы» көптеп ашылуда

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыстық «Әжелер мектебінің» жиыны өтті.

Шараға Тараз бен Жамбыл ауданының ақ жаулықтылары келіп қатысып, онда әжелер алқасының жоспары талқыланып, қоғамдық мәселелер ортаға салынды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев,  карантин уақытында да бос жатпай игі іспен айналысып жүрген ардақты әжелер ортасын көріп қатты қуанғанын жеткізді. Алдағы уақытта байланысты үзбей, бірге жұмыс жасауға шақырды. «Сіздер мешіттен діни білім алдыңыздар. Сол ілімді бір жас отбасының болсын шаңырағын сақтап қалуға, жастарды тәрбиеге шақыруға жұмсасаңыздар, нұр үстіне, нұр болар еді. Ажырасып жатқан отбасыларды жарастырып жіберетін, ақылшы аналар болып, қазаққы дәстүрді жаңғыртасыздар деген сенімдемін» - деп атап өтті.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Алдасаева «Әжелер мектебінің» негізгі мақсаты жайлы айтып, қариялардың атқарған жұмыстарына тоқталды.

Мұнан соң сөз алған ұйымның төрайымы Жәмила Жұмабаева ұсыныстарын жеткізді.

– Әжелер арасында қолынан өнер тамаған ісмерлер көп. Ұлттық бұйымдар мұражайын қайта ашсақ. Себебі біздің арамызда кесте тігіп, ою оятын, түрлі моншақпен әшекей жасайтын ісмер әжелер жетеді, - деп тілек білдірді. Ол әрбір апа мәйіт жуу, мирам суы сынды мәселелерді білуі тиіс, осыны қолға алып, үйретуді бастайтынын тілге тиек етті.

Айта кету керек, бұған дейін «Әжелер мектебінің» мүшелерімен кездескен Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл бастамаға шын разы болып, өңірдің аудандық жерлерінде де осындай ұйым құрылса деген ниет білдірген болатын. Бас имамның тапсырмасымен, Жамбыл ауданының имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйытқы болуымен алғашқы болып Жамбыл ауданы облыстық әжелер мектебін құрды. Көп өтпей Меркі ауданынан да әжелер мектебі тұсауын кесті. Алдағы уақытта мұндай әжелер алқасы облыстың барлық ауданын ашылады деп күтілуде.

Қашанда біз дәстүрімізден аттап өтпеген халықпыз. Дін менен дәстүрді екеуін сабақтастырып бірге алып жүрген халық болғандықтан қазіргі таңда екеуінің бірі ақсап қалып бара жатқан себеппен құрдық. "Әжелер мектебінің" негізінде сол ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан салтын, дәстүрін дінменен негіздей отырып жас ұрпаққа насихаттау мақсатында құрылған.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар