сенбі, 23 қараша, 2024 0:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту
ашық дереккөзі
Тәуелсіздікке тарту
Ұлттық музейдің атриумында еліміздегі ең айтулы мереке Тәуелсіздік күніне арналған «Алтын қыранның» жарық-дыбыстық қойылымы өтті.
Іс-шараның мақсаты – музей саласын дамытуда заманауи же­тіс­тіктерді кеңінен пайдалану ар­қы­лы ұлттық-рухани және та­ри­хи-мәдени құндылықтарды дәріптеу. Қазақстанның мемлекеттік туын бейнелейтін аспан іспет­тес көгілдір түстің аясында егемен­дігіміздің басты нышанына ай­­нал­ған жиырма метрлік «Алтын қыран» жайылып тұр. Геральдика дәстүрінде ас­панға ұқсас көгілдір түс – заң­ғар биіктікті, бейбітшілік пен молшылықты, күн – байлық пен құнарлылықты, ал қыран бейнесі – күшті, билікті және қырағылықты білдіреді. Кіреберістегі сол жақ қабыр­ғада орналасқан Қазақстан картасы бейнеленген үлкен медиа-экраннан – еліміздің жазиралы жазығы мен сайын даласы, сондай-ақ мәдениет, спорт және өнердегі жетістіктерге арналған бейнеролик көрсетілді. Алтынмен қапталған қыран құс пен тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктеріне арналған бейне­көрініс, кімнің болсын кеу­десінде еліне деген мақтанышын оятып, патриоттық сезімін арттырары сөзсіз. Айта кетейік, ұлттық музейде «Алтын қыранның» жа­рық-дыбыстық қойылымы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтпек.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұлы ұстаздан ұлағат
Алдыңғы мақала
Ұлы ұстаздан ұлағат

Ұқсас жаңалықтар