Бердібек Сапарбаев саяси партиялардың өңірдегі филиалдарының басшыларымен кездесті. Қазіргі уақытта саяси додаға қатысу үшін облыста 5 саяси партия үміткерлерін тіркеген. «Қазақстанның Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы, «Aq jol» демократиялық партиясы және «Adal» партиясы үгіт-насихат шараларын жүргізуде.
Саяси ұйымдардың аймақтағы басшылары өздері жоспарлаған шаралар уақытымен өтіп жатқанын атап өтті. – Барлық партияларға тең жағдай жасалды. Алдағы сайлау тек саяси белсенділік деңгейін ғана емес, елдің бірлігін де айқындайды. Оның үстіне биылғы науқан бүкіл әлемді жайлаған пандемия жағдайында өтеді. Сондықтан барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын, – деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Аймақта криминогендік ахуал тұрақты
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024