сенбі, 28 желтоқсан, 2024 16:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қайраттың» қарсыласы белгілі

«Қайраттың» қарсыласы белгілі
ашық дереккөзі
«Қайраттың» қарсыласы белгілі

Бірер күн бұрын Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Жасөспірімдер лигасына қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті. Аталған додада биыл «Қайрат» клубының жасөс­пірімдер командасы бақ сынайды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат­тың» 1/32 финалдағы қарсыласы Молдованың «Шериф» клубының жастары болады. Екі ұжым арасындағы матч Молдовада өтеді. Турнир ережесіне сәйкес жеңімпаз команда тек бір ойын нәтижесі бойынша анықталады. Плей-офф кезеңінің алғашқы сатысындағы ойындар 2 және 3 наурыз күндеріне белгіленген.

Жарыстың 1/32 және 1/16 финалдық кезеңінің матчтары екі бағытта жүргізіледі. Алғаш­қысы әр елдің чемпиондары арасында, екіншісі Чемпиондар лигасы жолымен жүзеге асады. Ал 1/8 финалдан бастап жолдар біріктіріледі. Айта кетейік, Алматының «Қай­раты» былтыр ел чемпионатында топ жарған­дықтан, оның жас футболшылары әр елдің чемпиондарымен күштіні анықтауға қатысады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар