Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ақпан айында өзінің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.
Жуырда ғана АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысып келген Қоңқабаев елге келе сала, кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. «Жоспар бойынша ақпан айының соңында кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегім өтетін болады. АҚШ-тан келген бойда соған дайындық үстіндемін. Одан кейін ұлттық құрамамен бірге халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. Германия, Испания, Болгария елдерінде турнирлер өтеді. Қайсысына қатысатынымды бапкерлер уақыты жақындағанда жариялайды. Айта кетерлігі, биылғы маусымдағы бар жұмыс ең басты мақсатым – Олимпиада чемпионы атану үшін жасалады», дейді боксшы.
Қамшыбек Қоңқабаев және ұлттық құраманың өзге де боксшылары аға жаттықтырушы Марат Жақиевтің басшылығымен АҚШ-та екі апталық жаттығу жиынын өткізді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Қайраттың» қарсыласы белгілі
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024