Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ визасын ала алмай, титулдық жекпе-жектен айырылуы мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 6 мамыр, 2025
- 431

Бұл туралы "Бірінші Бол" YouTube арнасына берген сұхбатында боксшының өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер ретінде доминикандық Карлос Адамеспен (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) кездесуі тиіс еді. Алайда виза мәселесі бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.
– Екі рет құжат тапсырып, екеуінде де бас тарту жауабын алдым. Қазір таныс бір адам көмектеспекші болып жатыр, тағы да өтініш беріп көремін. АҚШ-қа барып дайындық жүргізгім келген. Шақырту да болған. Бірақ маған: "Қайтара алмаймыз, себебін де түсіндіре алмаймыз" деп төлқұжатымды қайтарып берді, – деді ол.
Бұл мәселе Нұрсұлтановтың спорттық мансабындағы аса маңызды кезеңде туындап отыр. Егер жекпе-жек өтпесе, ол өзінің титулға басты үміткер мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық мектеп лигасының финалында жамбылдық команда топ жарды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2025