жұма, 23 мамыр, 2025 20:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ–вьетнам достығының символы: То Ламға «Достық» ордені табысталды

Қазақ–вьетнам достығының символы: То Ламға «Достық» ордені табысталды
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достықтың терең тамырына тоқталып, 1959 жылы Хо Ши Миннің Қазақстанға жасаған сапары тарихи ынтымақтастықтың негізін қалағанын еске салды.

– Сіздің Қазақстанға мемлекеттік сапарыңыздың тарихи маңызы зор. Бұл қазақ-вьетнам қатынасын дамытудың маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық серіктестік орнатуға келістік. Бұл үшін мол перспективаға жол ашатын саяси ерік-жігер мен сауда-экономикалық әлеует жеткілікті. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға айрықша үлес қосқаныңызды атап өткім келеді. Осы орайда Сізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – І дәрежелі «Достық» орденін табыстауға рұқсат етіңіз. Қазақстан мен Вьетнам ықпалдастығын одан әрі арттыруға қолдау көрсете бересіз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

 

Өз кезегінде То Лам бұл марапатты екі ел арасындағы көпжылдық достық пен өзара сенімнің белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

– Бұл – мен үшін өте құнды марапат. Өйткені мұны елдеріміздің ондаған жылдардан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығы мен тілектестігінің нәтижесі әрі қос халықтың сенімі мен шынайы сүйіспеншілігінің белгісі деп білемін. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, ал қазақ халқының бақ-берекесі арта беруіне тілектеспін, – деді То Лам.

 

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар