Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов 24 қаңтарда өтетін UFC 257 турнирінен кейін сегізбұрышқа қайта оралуы мүмкін. Аталған кештің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Поре күш сынасады.
Ресейлік файтер 2020 жылдың 24 қазанында спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Алайда арада үш айға жуық уақыт өткеннен кейін UFC президенті Дэйна Уайт Хабибтің үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді.
Дэйна Уайт пен UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жуырда Әбу-Дабидегі «Жауынгерлер аралында» кездесіп, UFC президенті Нурмагомедовті спортқа оралуға үгіттеген. Ал өз кезегінде Хабиб арасындағы алдағы Конор Макгрегор мен Дастин Поре және Майкл Чандлер мен Дэн Хукер жекпе-жекте кез келген спортшы оны тәуір өнерімен таңғалдыратын болса, сол спортшымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мухинаның соңғы сальтосы
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024