Тараз түрмесіне тыйым салынған зат лақтырған алматылық азамат ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2021
- 384
Таразда ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ішкі күзет аумағына ұялы байланыс құралын лақтырған алматылық құрықталды. 40 жастағы азамат А.Асқаров көшесі бойындағы түрме қоршауынан белгісіз затты лақтырып, артынша қара түсті «Фольксваген Пассат» автокөлігімен ізін суытуға әрекеттенген.
Алайда, ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері облыстық полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, бейнебақылау камералары арқылы Тараз қаласынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде күдіктіні қолға түсірді. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңында құрықталған заң бұзушы азамат абақтының қоршауынан 15 дана «Нокиа» маркалы ұялы байланыс құралын және USB сымдарын лақтырғанын толықтай мойындады.
Енді тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болуға әрекеттенген азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 481 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылмақ.
https://youtu.be/LQQIp3iVMCEЖамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз