сенбі, 23 қараша, 2024 13:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аграрлық салаға ауқымды міндеттер артылып отыр

Аграрлық салаға ауқымды міндеттер артылып отыр
ашық дереккөзі
Аграрлық салаға ауқымды міндеттер артылып отыр
Ел Президентінің кезекті Жолдауы -елiмiзде кезең-кезеңiмен жүргiзiлiп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы, соңғы бес жылдағы Президент Жолдаулары бiр-бiрiмен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары улкен экономикалық өзгерістерге ұласты.Ал бұл жолғы Жолдауында Мемлекет басшысы ел экономикасының қозғаушы саласының бірі агроөнеркәсіпке айрықша назар аударды. Президенттің пікірінше, ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды колдау өте маңызды.Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екенi айқын көрiндi. Оның келесi кезеңiнде жеңiлдетiлген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық  иелерi өзара бiрiгуi қажет.  ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте елiмiздегi техника өндiрушiлер мен шаруалардын да мүддесін ескерген абзал. Қазірде жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Президент жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды екеніне аса ден қойып отыр- Президент жолдауына қатысты деп пікір білдірген Керімқұл Бегалиев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар