сенбі, 23 қараша, 2024 10:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шағын және орта бизнестің дамуы қарқынды

Шағын және орта бизнестің дамуы қарқынды
ашық дереккөзі
Шағын және орта бизнестің дамуы қарқынды
Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары атты Ел Президентінің халыққа кезекті Жолдауынан әрбіріміз өз саламызға қатысты өзгерісті асыға күткеніміз рас.Стратегиялық маңызды құжаттағы барлық бағдары маңызды қадамдарды, нық жоспарларды іске асыруға көзделген. Дегенмен де реформалардың нақты бағдарламаларын орындау әрқайсымыздың үлесіміз бен табанды ісімізден құралады деп білемін. Мемлекеттің бәріне бірдей беріп жатқан мүмкіндігін дұрыс пайдалану, өз қажетіне емес, халық игілігіне жұмсау. Саяси жаңғыру бағдары әрбір қазақ халқының кеңістігін ұлғайтып, шеңберін кеңейтуіне зор мүмкіндіктер беріп отыр. Өз кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолайлы жағдайлар жасалуда. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы мүмкіндіктер мен міндеттемелерді жан-жақты терең меңгеріп, жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру бойынша шараларын халық арасында барынша ілгерілету. Күрделі мәселелердің барына қарамастан, оны шешу бойынша нақты жолдарды қарастыра білуді, мақсатқа ұмтыла беруді ұстанатын болса, әрбір азамат жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын өз ісінде, күнделікті өмір сүру кезеңінде тиімді қолдана алса, жаңа кезеңге басқан қадамымыз айқын, мақсатымыз жарқын боларына сеніміміз арта бермек- Президент жолдауына қатысты деп пікір білдірген Арман Еділбаев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар