сейсенбі, 2 шілде, 2024 20:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Тараздағы 45 763 оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Биыл Тараздағы 45 763 оқушы жазғы лагерьлерде демалады
Сурет: egemen
Олардың біразы мектеп жанындағы лагерлерге баратын болса, біразы сауықтыру орындарына жіберіледі

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр. Ал 26 мамырдан бастап оқушылардың жазғы демалысы басталады. Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова биыл балалардың жазғы демалысы мектептерде 2 бағытта өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Раушан Қожамжарованың айтуынша, биыл оқушылардың жазғы демалысы тиімді ұйымдастырылады және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім мекемелеріндегі жауапты педагогтерге семинарлардан өткен. 

«Биыл балалардың жазғы демалысы мектептерде 2 бағытта жүреді. Айталық, бірінші бағыт бойынша 45 763 бала мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалса, екінші бағыт бойынша жасөспірімдер демалысы мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жөніндегі шаралары аясында 28 010 оқушы демалады. Сонымен қатар, білім мекемелеріндегі көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 3600 баланы жаз айларында демалыспен және сауықтырумен қамту мақсатында 216 000,0 мың теңге қаражат қарастырылған»,-деді  білім бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ Раушан Қожамжарова мектеп жанындағы демалыс алаңдарына қамтылатын  70 мыңнан аса оқушы жазғы демалыста шығармашылық, спорттық, еңбек және т.б. бағыттарға бөлініп, ұлттық, танымдық іс-шараларға тартылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалар кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезініп, ойларын ашық айтуы керек деген еді. 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар