дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбылда 332 жол жөндеу жобалары іске асады

Биыл Жамбылда 332 жол жөндеу жобалары іске асады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұған 23,3 миллиард теңге бөлінген

Биыл облыста 332 жол жөндеу жобалары іске асырылып, 651,4 шақырым жол құрылыспен, қайта жаңғырту, орта  жөндеулермен қамтылады. Бұл туралы салаға жауапты маман мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, биыл аймақта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін  99%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 87% жеткізу межеленген.

«Бүгінде жол жөндеу бойынша 332 жобаның  54-інде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. 123 жобада жұмыстар басталып, жүріп жатыр, 97 жоба бойынша шарт жасалды. Жұмыстар енді басталады. 55 жоба бойынша конкурс өтуде, 3 жобада конкурс енді жарияланады»,- деді Мұрат Саурықов.

Ал, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында биыл 166 жоба жүзеге асырылып, 73 ауылдың 249 көшелеріне орта жөндеу жүргізілмек.

«Бүгінде, 33 жобада асфальт төсеу жұмыстары аяқталды, 50 жобада жұмыстар жүргізілуде, 61 жобада жұмыстар енді басталады, 22 жобада конкурс өтуде. Жергілікті бюджет есебінен 125 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 14-і 2023 жылдан өтпелі»,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар