Ербол Қарашөкеев Талас ауданындағы бірқатар нысанды аралады
- авторМағжан Орынбасар
- 27 сәуір, 2024
- 593
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар нысанды аралады. Әлеуметтік-медициналық мекемелердің жағдайымен танысқан аймақ басшысы аудандағы ірі кәсіпорыннның жұмысын көрді, деп жазады jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеев Қаратау қаласындағы №15 көпқабатты ғимараттың құрылысын тексерді. Қазір нысанды қайта жаңғырту мақсатында құны 1,2 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтың сөзінше, 1972 жылы салынған ғимараттың мақсатын өзгерту үшін жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Ендігі бұл нысан ауданның жаңа әкімшілігі болады. Облыс әкімі жауаптыларға ғимаратты жаңғырту жұмыстары сапалы жүргізілуін назарда ұстауды тапсырды.
Бұдан соң облыс әкімі А.Пушкин атындағы орта мектебіне барды. 1280 орындық оқу орнында 707 оқушы қазақ-орыс тілдерінде білім алады. Нысан ескіргендіктен, қазіргі жағдайы сын көтермейді. Білім мекемесі толық күрделі жөндеу жұмысын қажет етеді. Жауаптылар бұл жөнінде 1,6 миллиард теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын екенін жеткізді. Бірақ, жөндеу жұмысының бағасы жаңа мектептің құнымен пара-пар. Осы жайды ескерген аймақ басшысы мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, нақты шешім қабылдау керектігін баса айтты.
Өңір басшысы ат басын бұрған келесі нысан аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы болды. «ПазылСервисКомпани» ЖШС ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Мұнда бүгінгі күні 25 емделуші бар. Ал, «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» мекемесіне 2 жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні 4 қабатты ғимаратта жергілікті жұртқа 7 түрлі қызмет көрсетіледі. Мұндағы мәселелерді облыс әкіміне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов айтты. Тұрғындардың қажеттілігін сапалы қызметпен қамтамасыз ету керектігін атап өткен Ербол Қарашөкеев жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мұнан кейін аймақ басшысы Қаратаудан 18 шақырым жердегі «Wind Electricity» және «Wind Power city» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 21 гектарды алып жатқан аумақта 4,5 мВт болатын жел электр энергиясы өндіріледі. Аймақ басшысы аталған жобаның маңыздылығын атап өтіп, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Президент Астана қаласындағы сенбілікке қатысты
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024