жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті

«Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті
Фото - ашық дереккөз
Кеш барысында оқушылар қазақтың төл өнерін насихаттап, күй мен дәстүрлі әндер орындады

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас оқырмандарға қазақтың ұлттық киім мәдениетін насихаттап, заманауи сән әлеміндегі ұлттық нақыштың орнын көрсету мақсатында «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараның құрметті қонағы – ұлттық киім мен сән саласында табысты еңбек етіп жүрген жергілікті кәсіпкер, халықаралық деңгейдегі ұлттық нақыштағы дизайнер, Республикалық «Дәстүрге жол» қазақ аналары қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрабаева Гулфайруз Сәрсенқызы  болды. Ол жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еңбексүйгіштікке тәрбиелейтін мол тәжірибесімен бөлісті. Қонақ өз шеберханасының жұмысымен таныстырып, дәстүрлі ұлттық киімдерден тұратын көркем дефиле ұсынды.

Кеш барысында оқушылар қазақтың төл өнерін насихаттап, күй мен дәстүрлі әндер орындады.

Жас оқырмандар дизайнерге қызықты сұрақтарын қойып, кең көлемде ақпарат алды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай безендірілген кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер таныстырылды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар