жексенбі, 17 қараша, 2024 21:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пандемия кезінде бөлінген 21 млн теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды

Пандемия кезінде бөлінген 21 млн теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды
ашық дереккөзі
Пандемия кезінде бөлінген 21 млн теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды

Жамбыл облысының Қордай ауданында шенеуніктер әлеуметтік осал топтарға коммуналдық төлемін төлеу үшін бөлінген қаржының 21 млн 600 мың теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды  jambylinfo.kz тілшісі.

Сот үкімімен осы қылмысқа барған мемлекеттік қызметшілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 3 жыл 6 айға, осы бөлімнің сектор меңгерушісі 7 жылға, маман - 3 жыл 6 айға, тағы да осы бөлімде келісімшартпен жұмыс істеген маман 7 жылға сотталды. Сондай-ақ бір кәсіпкер сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды»,- деді Қордай ауданы прокурорының орынбасары Қайсар Бекмұратов ҚазАқпарат тілшісіне.

Прокурорлар тексерісі көрсеткендей, 2020 жылғы пандемия кезінде мемлекеттік бюджеттен 26 млн теңге бөлінген.

Бұл сома әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың коммуналдық шығынын өтеуге бағытталған болатын.

Прокуратура мәліметінше, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 3 қызметкері және бір кәсіпкер қылмыстық топ құрып, алдын ала сөз байласу арқылы бөлінген қаражатты талан-таражға салған.

Осылайша жергілікті тұрғындар үшін ауыр уақытта мемлекеттен бөлінген қаражат мұқтаж азаматтардың қалтасына жетпей жымқырылған.

Аталған факті бойынша Қордай ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Нәтижесінде аудандық соттың үкімімен қылмыскерлердің кінәсі толық дәлелденді. Бүгінгі таңда мемлекетке 18,8 млн теңге қаражат қайтарылды»,- деп толықтырды аудан прокурорының орынбасары Қайсар Бекмұратов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар