Шетелдік құқық бұзушы анықталды
22 қараша 2023 жылы Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен Тараз станциясы теміржол вокзалында ЖПІШ тексеру жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 1992 жылы туылған азаматы анықталған. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені. ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ағымдағы жылдың 22 қараша күні аталған құқықбұзушыға Қазақстан Республикасынан сот қаулысына сәйкес әкімшілік жолмен шығарылып, 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала