Жамбыл жаңалықтар
Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2023
- 600
Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 15 қарашасында құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте, заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында облыс аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қарсы кез келген зорлы-зомбылық деректерінің жолын кесу, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту болып табылады.
Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, зерделеп оларды жоюға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда және бұл іс-шаралар оң нәтижесін көрсетуде.
Полиция департаментімен 2023 жылдың 10 айында қызмет ететін әкімшілік аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар қабылдады.
Қоғамдық тәртіпті сақтауды және құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге бағытталған шешімдердің арқасында ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны -13,4%-ға (1183-тен 1024-ке) және көшелерде -10,0%-ға (немесе 653-тен 588-ге) төмендеуіне қол жеткізілді.
Оның ішінде ерекше ауыр түрлері бойынша -16,7%-ға (18-ден 15-ке дейін).
Қылмыстың түрлері бойынша: тонау -7,7%-ға (немесе 52-ден 48-ге дейін), бұзақылық – 13,0%-ға (немесе 154-тен 134-ке дейін), ұрлықтарды тіркеу -26,9%-ға (немесе 607-ден 444-ке) төмендеді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен автомобиль жолдарында тиісті жұмыстарды жүргізу барысында жол-көлік оқиғалары -28,9 %(1256-дан 893-ке), қаза тапқандар саны -16,9%(201-ден 167-ге) және жарақат алғандар саны -30,8%(1943-тен 1344-ке) түсіп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда ЖКО салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны төмендегенімен, әрбір азаматтың өмірі, денсаулық жағдайы бізде алаңдатушылық тудыруда.
Жол-көлік оқиғаларының салдарынан адам өлімінің себептеріне көптеген факторлар әсерін тигізеді. Олар: жүргізу дағдыларының нашарлығы, жылдамдықты шектеу, мас күйінде көлікті басқару, абайсыздық, немқұрайлы тәртіпсіздік, жүргізушілердің жеткіліксіз дайындығы, көлік құралдарының тозуы.
Аталған іс-шараны өткізуге күнделікті1000-нан аса қызметкерлер, жұмылдырылады.
Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында облыс бойынша барлығы 24 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде 22 қылмыс ізі суытылмай ашылған.
Профилактикалық есепте тұрған 748 тұлғалар тексеріліп, олардың тарапынан 28 тұлғамен белгіленген шектеулерді бұзуы анықталды.
Барлығы–6538 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Оның ішінде арнайы техникалық құралдармен тіркелген құқық бұзушылықтар 3497(МАПК «Аркан», АПК «АвтоУраган, Интегра-КДД,Авто-Сканнар,Сергек»)және 3041дерегі полиция қызметкерлерімен анықталды.
Баптар бойынша:
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы бойынша (отбасылық жанжал) барлығы -82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 434 бабы бойынша (ұсақ бұзақылық)барлығы -34әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 434-2 бабы бойынша (ортақ пайдаланатын орындарды ластау) – 116әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 440 бабы бойынша (қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде жүру) -182әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 437 бабы бойынша (тыныштықты бұзу)- 32әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 442 бабы 1-бөлігі бойынша (кәмелеттік жасқа толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы) - 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 442 бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) - 135 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 592бабының бойынша (белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) -311әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
- 608-бабы бойынша (автокөлікті масаң күйде басқару)-21 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
- 615 – бабы бойынша (жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы) –414 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала