Тараз қаласының әкімі ҰОС ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:25
- 73
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Макеевтің шаңырағына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Сіздің ерен ерлігіңіз бен бейбіт күндегі еселі еңбегіңіз әлі күнге жадымызда. Қан майданда батырлық пен қайсарлықтың өшпес үлгісін көрсете білдіңіз. Сұрапыл соғыстан аман оралғаннан кейін де құқық қорғау саласында еңбек етіп, еліміздің дамуына айрықша үлес қостыңыз, – деген шаһар басшысы арнайы сый-сияпатын табыстап, қаланы дамыту бағытындағы жоба-жоспарларымен бөлісті. Майдангер де өз кезегінде қала басшылығына ризашылығын жеткізіп, алғысын жаудырды.
Иван Федорович 1927 жылдың 10 шілдесінде Тамбов облысының Мучкапск ауданының Мучкап селосында дүниеге келген. Оқу ордасын тәмамдағаннан кейін Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы болып қызмет етті.
Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысып, соғысты Чань-Чюнь қаласында аяқтады. 1951 жылға дейін осы қалада әскери қызметте болды. 1952 жылдан бастап милиция органдарында, Жамбыл стансасы желілік ішкі істер бөлімінде жұмыс істеді. 1967 жылы Алматыдағы жоғары милиция мектебін бітірген соң оперативтік қызметкерден ОБХСС бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті. «Отан соғысы» орденімен, түрлі дәрежедегі «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» мерекелік медальдарымен марапатталған.