Тараз әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы халықпен жедел байланыс орната алып отыр ма
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 шілде, 2024
- 517
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте облыс орталығы тұрғындары мен әкімдік арасындағы кері байланыс бағытындағы жұмыстар барысы қаралды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімдігі Медиа-орталығының директоры Балнұр Бектұрғанова әкімдіктің әлеуметтік желілерінде тараздықтар тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар туралы есеп берді.
«Жыл басынан бері әкімдіктің әлеуметтік желілерінде 1 091 пост, 277 бейнеролик, 633 баннер жарық көрді. Қаңтар айынан бастап әкімдіктің ресми парақшасын белгілеу арқылы жалпы саны 1 253 пост жарияланды. Сонымен қатар «Ikomek-109» платформасы арқылы 5 188 өтінім түскен. Тұрғындардан түсіп жатқан сауалдардың басым көпшілігі шаһардың коммуналдық қызметтеріне қатысты болып отыр. Орталық қызметкерлері барлық арыз-шағымға дер кезінде жауап беріп келеді», – дейді ол.
Балнұр Бектұрғанованың айтуынша, әкімдікке қарасты бөлімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігіне талдау жасалған және тұрғындармен кері байланыс орнату бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.
Бақытжан Орынбеков аталған бағыттағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлы, жүйелі жүргізу қажет екенін айтып, нақты тапсырмалар берді.
Еңбек адамы – елдің құты
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024