дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралдағы балалар лагерінде он жасар баланы 10 қатарласы жабылып ұрған

Оралдағы балалар лагерінде он жасар баланы 10 қатарласы жабылып ұрған
Сурет: Мой город сайтынан алынды
Перзентінің соққы жегенін айтып, оралдық азамат арызданған

Оралда балалар лагерінде 10 жастағы баланы бір топ оқушы жабылып, соққыға жыққан. Бұл туралы жергілікті Мой город басылымы жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны 10 жастағы ұлын әпкесімен бірге 10 маусымда «Атамекен» балалар лагеріне жіберген. Тепкі көрген баланың әкесі жеткіншекті 8-10 бала ұрғанын айтады.

«Алғашқы күндері балаларды барып көріп тұрдым, лагерьде телефон қолдануға тыйым салынған. Қалай болғанда да қызым бір баладан телефон тауып, 14 маусым күні маған қоңырау шалып, бауырының лагерьде соққыға жығылғанын айтты. Кешке балаларды алып кеттім, оларға лагерь ұнамады деп ойладым. Сол кезде ұлымды лагерь директоры өзі шығарып салды. Үйге келгенде ұлым денесіндегі көгерген жерлерді көрсетті. Аяқ-қолы мен денесі көгерген. Ол спортзал мен далада 8-10 бала жабылып ұрғанын айтты. Балаларды кінәламаймын – олар балалар ғой. Менің сұрағым лагерь басшылығына, балаларды қабылдап, оларға қарауға міндетті болған министрлікке: мұндай жағдай қалай орын алды? Қалайша бұған жол бердіңіздер?» - дейді баланың әкесі.

15 маусым күні ер адам ұлымен дәрігерге барып, көп гематомаларды тіркеп, полицияға арыз жазған. Айта кетейік, бұл 15 маусымда болды. Ер адамның айтуынша, ешкім іс қозғамаған. Тек адвокат жалдағаннан кейін ғана іс қозғала бастады.

11 күн өткен соң, 26 маусым күні кешке полицейлер сот-медициналық сараптамаға жолдама берген.

«26 маусым күні кешке берді, біз барғанша, сараптама 16.00-ге дейін өтеді екен, үлгермедік. Келесі күні өттік. Менің түсінуімше, бұл істі жабуға тырысып, мені ешқайда шағымданбауға көндіруге тырысқандар көп болды», - дейді ол.

Осы арада БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 2024 жылғы 15 маусымда Орал қаласының ПБ-де тіркелгенін хабарлады. Бұл іс бойынша полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаларды және оқиғаның себебін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізген. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылып, оның қорытындысы бойынша осы оқиғаға заңды баға берілетіні хабарланды. Тексеруді ұйымдастыру мақсатында Орал қаласының Білім бөліміне ұсыну енгізілген.

БҚО Білім басқармасы да оқиғаға түсініктеме берді.

«Кәмелетке толмағандар арасында тәрбие жұмысын тиісті деңгейде жүргізбегені үшін отряд жетекшісіне және тәрбиешіге тәртіптік жаза қолданылды. Жетекші жұмыстан шығарылды. Орал қалалық білім бөлімінің бұйрығымен «Атамекен» лагерінің директорының міндетін атқарушыға қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны, жазғы демалысты ұйымдастыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар