сәрсенбі, 11 маусым, 2025 19:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз жастар театры «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын сахналады

Тараз жастар театры «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын сахналады
Фото: Jambylinfo.kz
"Тараз жастары «Ләйлі мен Мәжнүнді» сахналады"Тараз қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ерекше мәдени шара өтті.

Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан жаңадан құрылған Тараз жастар театры студиясы алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Театр ұжымы Шәкәрім Құдайбердіұлының әйгілі «Ләйлі–Мәжнүн» дастаны негізінде дайындалған спектакльді сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Классикалық махаббат тақырыбына құрылған қойылымда қос ғашық — Ләйлі мен Мәжнүннің бір-біріне деген адалдығы мен шынайы сезімі бейнеленеді. Алайда бұл риясыз махаббат қоғамның шектеуі мен ата-ананың қарсылығына тап болып, қайғылы аяқталады. Мәжнүн жалғыздықты таңдап, елден жырақ кетсе, Ләйлі сүйгеніне жете алмай қаза табады. Трагедиялық қойылым арқылы адам жанының тазалығы мен махаббаттың рухани биіктігі терең суреттеледі.

Қойылымды Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, танымал режиссер Қуандық Қасымов сахналады. Оның режиссерлік шешімдері мен актерлік құрамның шынайы ойыны көрермен көңілінен шығып, жас театрдың болашағынан мол үміт күтуге болатындығын көрсетті.

Көрермен назарына ұсынылған қойылымды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ардагерлермен, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындарымен бірге тамашалады. Шара соңында қала басшысы жас өнер ұжымына алғысын білдіріп, театр студиясына ықылас гүлі табысталды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар