жексенбі, 15 маусым, 2025 7:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нартай Сәрсенғалиев: «Еңбекке қабілетті азаматтарымыздың жартысы – жұмыссыз»

Нартай Сәрсенғалиев: «Еңбекке қабілетті азаматтарымыздың жартысы – жұмыссыз»
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Оның айтуынша, еңбекке қабілетті азаматтардың тең жартысы жұмыссыздар қатарында. Депутат нақты деректер мен мысалдар арқылы мәселенің маңыздылығын көтерді.

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев елдегі жұмыссыздық деңгейі шын мәнінде ресми деректерден әлдеқайда жоғары екенін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқының 4,6 пайызы, яғни 451 515 азамат жұмыссыз деп көрсетеді. Бұған кім сенеді? Әр қаладағы жұмыссыз жандар жиналатын жетім бұрышты, табақтай дипломмен жұмыс таппай табанын таусылған жас мамандарды бәріміз көріп жүрміз. 16 мамырдағы ресми деректе Қазақстан халқының саны 20 261 486 адам деп көрсетілген. Соның 11 млн 496 мыңы еңбекке қабілетті деп жазылған. Яғни олар жұмыс істеуі қажет. Бірақ, Қазақстанда зейнетақы қорына қаржы аударылмаған және әлеуметтік аударымдары мүлдем жоқ халық саны 5 244 664 адамға жеткен. Бұл – ресми дерек. Ендеше Қазақстанда 11,5 миллион адам еңбекке қабілетті болса, оның 5,2 миллионында әлеуметтік аударым мүлдем жоқ болса демек азаматтарымыздың тең жартысы жұмыссыз демеске амал бар ма?», – деді депутат.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар