Таразда 2025–2026 жылдары 11 кіші футбол алаңшасы салынады
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 маусым, 2025
- 196

Тараз қаласы тұрғындарының дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатындаырыла 2025–2026 жылдар аралығында қала аумағында 11 кіші футбол алаңшасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Әулиеата» ауданының аумағында 5 кіші футбол алаңшасы орнатылады. Олар келесі мекенжайлар бойынша салынады:
Рахимов көшесі, №47 үйдің ауласы;
«Аса» шағын ауданы, №43 үйдің ауласы;
Қаныш Сәтбаев көшесі, №16 үйдің ауласы;
«Жансая» шағын ауданы, №43 үйдің ауласы;
«Салтанат» шағын ауданы, №1 және №3 үйлердің ауласы.
«Жібек жолы» ауданында 6 футбол алаңшасы салынбақ.
Құмшағал алқабы, Ордабасы көшесінің бойы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңында);
Шөлдала алқабы;
«Юбилейное» тұрғын кешені;
«Жиделі» алқабы;
«Береке» алқабы;
Ыдырыс Молдарбеков көшесі бойы, «Талас» алқабы аумағы.
Жаңа футбол алаңшалары заманауи талаптарға сай жабдықталып, жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Жоба аясында жасанды жабын төселіп, қоршаулар, жарықтандыру жүйелері орнату жоспарланған.