Биыл Тараз қаласында 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биыл салынып жатқан аялдамалар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мәселен, былтыр 36 аялдама ел игілігіне берілсе, биыл 75 аялдама қала жұртына қызмет етеді.
«2023 жылы қала аумағында 36 дана аялдама орнатылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде оның жиырма бір данасын «RusStroy» ЖШС, он бесін «Строительная компания NSN» ЖШС жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта жаңғыртылды. Ал биыл 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда. Мердігер мекеме - «Daryn KazStroyGroup» ЖШС»,- деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024