жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда тағы 32 жаңа қоғамдық көлік ел игілігіне берілді

Таразда тағы 32 жаңа қоғамдық көлік ел игілігіне берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің сайтынан
Жыл басынан бері облыс орталығында 112 бірлік автобус пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық көліктердің паркін жаңалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ағымдағы жыл басынан бері облыс орталығында 112 бірлік автобус пайдалануға беріліп, белгіленген меже артығымен орындалып отыр (жоспар 70 бірлік). Бұдан бөлек, жыл соңына дейін тағы 45 автобус сатып алу жоспарланған.

Бүгін Тараз қаласында 32 қоғамдық көлік пайдалануға берілді.Атап айтқанда, тасымалдаушы компания «RashLau» ЖШС тарапынан «Isuzu» маркалы 20 бірлік автобус жеткізіліп отыр. Олардың ұзындығы 9 метрді, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Төмен еденді автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қарастырылған. Жаңа қоғамдық көліктер арқылы тоқтап қалған №13,18 бағыттар қайта жанданбақ.

«ТаразТрансМоторс» ЖШС-да жаңа автобустармен толықты. «King long» маркалы 12 бірлік қоғамдық көлік 81 адамға шақталған. Автобустар №27,16 бағыттағы ескірген көліктердің орнын алмастырады. Серіктестік 20 қыркүйекке дейін тағы да қосымша 5 автобус алып келуді жоспарлап отыр.     

Ербол Қарашөкеев халық игілігіне берілген қоғамдық көліктерді жаңарту, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар