жұма, 13 маусым, 2025 22:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облыстық ҚАЖД №58 мекемесінде «Дабыл» жаттығуы өткізілді

Жамбыл облыстық ҚАЖД №58 мекемесінде «Дабыл» жаттығуы өткізілді
Фото - ашық дереккөз
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдау, әскери және қызметтік дайындық деңгейін арттыру, сонымен қатар дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуын тексеру

 Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде «Дабыл» белгісі жарияланды. Жаттығу әділет подполковнигі, мекеме бастығы Руслан Жапаровтың бұйрығына сәйкес өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдау, әскери және қызметтік дайындық деңгейін арттыру, сонымен қатар дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуын тексеру болды. Жаттығу барысында қызметкерлердің жинақылығы, шұғыл әрекет етуі және белгіленген нормативтерге сәйкестігі мұқият қадағаланды.
Жаттығу кезінде кейбір қызметкерлер тарапынан кеткен кемшіліктер де анықталды. Осыған байланысты әділет подполковнигі, мекеме бастығының орынбасары А.Т. Ниязымбетов бөлім бастықтарына тиісті тапсырмалар беріп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Жаттығу соңында мекеме бастығына есеп беріліп, жеке құрамның «Дабыл» белгісі бойынша толық дайын екені баяндалды.
Мұндай шаралар ҚАЖ саласында қызметтік тәртіп пен жоғары кәсібилікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да осындай жаттығулар жиі ұйымдастырылып, жеке құрамның дағдылары жетілдіріле бермек.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар