жексенбі, 17 қараша, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 48 815 адам ревакцинациядан өткен

Жамбыл облысында 48 815 адам ревакцинациядан өткен
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 48 815 адам ревакцинациядан өткен
Өткен тәулікте Жамбыл облысында коронавирустың 259 жағдайы, пневмонияның 1 дерегі тіркелді. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылып, аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейтуге жұмыстары сараланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, жалпы бүгінге дейін облыс аумағында COVID-19 вирусының 22 785 жағдайы, пневмонияның – 8348 жағдайы тіркелген. «18 желтоқсаннан 18 қантарға дейінгі аралықта аурушаңдық деңгейі 10 есеге көбейді. Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 778 инфекциялық, оның ішінде 87 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 120 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 2 682 инфекциялық, оның ішінде 266 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады. Соңғы ақпарат бойынша инфекциялық стационарлардағы төсек орындардың толуы 47 пайызды, реанимациялық төсектердің жүктемесі 30 пайызды құрайды»,-деді Ә. Қалиев. Бүгінге дейін облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 633 397 адам қабылдаса, (100,3% құрады), 2-ші компонентін 567 671 адам салдырған. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Pfizer вакцинасының 1 компонентін 35 771 адам (25,7%), 2 компонентін 10 460 адам қабылдаған. Оның ішінде 30453 жасөспірім, 1962 жүкті әйел және 3356 бала емізетін әйел егілген. Бүгінгі күні ревакцинациядан өткендер тұрғындар саны 48 815-ті құрайды. «Эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Бұған санитарлық талаптардың сақталмауы себеп деп ойлаймын. Мониторинг топтардың жұмысын күшейту керек. Дерттен құтылудың жалғыз жолы – вакцинация, ревакцинация. Сондықтан осы бағыттағы шараларды арттыру маңызды. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет»,-деді аймақ басшысы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар