Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрады
- авторjambylinfo.kz
- 20 қаңтар, 2022
- 338
Жамбылда мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев 2021 жылдың қорытындысына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының 8 бағыты бойынша (оның ішінде жеңіл, тамақ, жиһаз, қағаз, химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, фармацевтика) мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрағанын жеткізді. Ол жергілікті қамтуды дамыту бойынша көрсеткіші төмен аудандар ретінде Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұловты атады. «Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту көрсеткіштерінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себеп – өнім жеткізушілердің жергілікті қамту бойынша есептілікті дұрыс толтырмауы және бұл есептерді тапсырыс берушілердің өздері қабылдауы», - деп атап өтті баяндамашы. Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев құрылыс-монтаж жұмыстарындағы қазақстандық қамту үлесі 90 пайызды, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 25 пайызды құрайтынын хабарлады. Өңірде құрылыс материалдарын шығаратын 152 кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан әкімдерінің есептерін тыңдап, мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесіне тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы импортты алмастыруға және халық тұтынатын тауарлар өндірісі мен қызметтерді дамытуға бағытталған нақты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруде. Бұл мүмкіндікті барынша пайдалануға тиіспіз. Қажетті құрылыс тауарларының тізімін жасап, оларды өзіміздің облыста өндіру ісін жолға қою керек. СТ-KZ сертификатын әлі алмаған кәсіпорындармен барынша жұмыс жүргізу қажет»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024