жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 650 гектар жер өртенді

Жамбыл облысында 650 гектар жер өртенді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 650 гектар жер өртенді
Жамбыл облысында таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы жерлерінде орын алған өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұрғындардың от қолданудағы абайсыздығы салдарынан орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 277 адам мен 42 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Ұшу нәтижелері бойынша алдын ала есептеулерге сәйкес өрттің аумағы 650 гектарды құрайды, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен жеке құрамды биік жерге жеткізу бойынша ұшулар жүргізілуде. Қазіргі таңда жоғарыда аталған күштер мен құралдар таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда», делінген ведомство хабарламасында.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар