сейсенбі, 10 ақпан, 2026 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде әскери қызметші жарақат алды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде әскери қызметші жарақат алды
Pixabay.com
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші өзінің қолын жарақаттағаны хабарланды.

Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан №30212 әскери бөлімнің аумағында алаңдататын оқиға болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz aikyn.kz сілтеме жасап. 

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, оқиға тікелей командирінің ескертуінен кейін болған. Сол сәтте әскери қызметші өрт сөндіру қалқанындағы құралды алып, қолын ауыр жарақаттаған. Әртүрлі дереккөздерде жарақаттың сипаты әрқалай көрсетіледі, алайда медициналық көмек көрсетілгені айтылды.

Оқиға Жамбыл облысындағы Отар гарнизоны аумағында болған. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр. Ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар