сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл соңына дейін 13 спорт кешені қолданысқа беріледі деп күтілуде

Жамбылда жыл соңына дейін 13 спорт кешені қолданысқа беріледі деп күтілуде
фото - ашық дереккөзден
Облыста спортты дамыту бойынша  бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Нұржан Жолдасбеков айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кез-келген жерде спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты. Осы орайда, бүгінгі күнде облыста 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілсе,  жыл соңына дейін 13 спорт кешені қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.
«Бүгінгі күнге облыс бойынша 2 244 спорт нысаны жұмыс атқаруда. 
Нәтижесінде, облыста халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 64,9 пайызды құрайды. Еліміздің құрама командасы сапындағы облыс спортшыларының халықаралық маңызды жарыстарда табысты өнер көрсетулеріне басқарма тарапынан бірқатар жедел шаралар қабылдайтын болады»,-деген Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Нұржан Жолдасбеков олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.
Біріншіден, облыстағы заманауи спорт алаңшаларымен қамтылмаған 95 елді мекенді заманауи спорт алаңшаларымен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу; 
Екіншіден, 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Еліміздің ұлттық спорт  түрлерінен құрама командасы сапындағы облыс спортшыларының жоғарғы спорттық нәтиже көрсету мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу;
Үшіншіден, жаттықтырушыларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
Төртіншіден, спорт түрлері бойынша федерациялармен тығыз жұмысты жалғастыратын болады;
Бесіншіден, бұқаралық және балалар спортын одан әрі дамытады;
Алтыншыдан, спорттың олимпиадалық түрлерін дамытуға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Нұржан Жолдасбеков бұқаралық спортты дамыту, жоғарғы спорт жетістігіне жету және спорт резервін дайындау – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында тұрған ең маңызды мемлекеттік міндет екенін айтты.

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасыныңБасқармаға қарастықарасты 53 спорт мекемесі жұмыс атқаруда Ақпарат үшін: 6 – спорт клубы («Тараз» кәсіпқой футбол клубы, «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой  клубы, «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы», «Жамбыл» бокс клубы», «Тараз» кәсіпқой волейбол клубы», «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы»), 39 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», Орталық стадион, спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлерін дамыту дирекциялары. Аталған спорт мекемелерінде 29 862 спортшымен тұрақты түрде 1 122 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде»,-деді ол. 

Қазіргі таңда облыста спорттың 83 түрі қамтылған. (олимпиадалық спорт түрлері – 27; олимпиадалық емес спорт түрлері – 24; ұлттық спорт түрлері – 11; паралимпиадалық спорт түрлері – 9; сурдлимпиадалық спорт түрлері – 9; паралимпиалық емес спорт түрлері – 3)
Бүгінгі таңда 805 облыс спортшысы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. 
Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 655 медальға ие болса, бүгінгі күнге облысымыздың спортшылары 683 медальға ие болды. Оның ішінде: 223 алтын, 180 күміс, 280 қола медаль бар .
Жоғарғы спорт жетістігіне жету үшін бұқаралық спорт саласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың санын арттыру басты мақсат болып табылады. 2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 493 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 40,4%-ға жетті.
Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 280 нұсқаушы штаттық бірліктері енгізіліп, жұмыс атқаруда. 
Жыл басынан 949 спорттық іс – шара ұйымдастырылып, 78 мың адам қамтылды. Атап айтқанда, қазақ күресінен Қазақстан Барысы республикалық турниріне Жамбыл облысының іріктеу жарысы, Жамбыл облысының мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасындағы облыстық спартакиадасы, Жамбыл облысының ардагерлері арасында облыстық спартакиада, 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінен орай мемлекеттік әйел қызметшілер арасында облыстық спартакиада және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары секілді ауқымды ірі іс-шаралар ұйымдастырылды. 
Сонымен қатар, 2024 жылы Жамбыл облысында Киокушинкай-кан Каратэден Азия чемпионаты, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек – рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирі, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнирі, Олимпиадалық жекпе-жек спорт түрлерінен Жамбыл облысы әкімінің кубогы  және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары сыңды ауқымды республикалық, халықаралық спорттық іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамыту, жоғарғы спорт жетістігіне жету және спорт резервін дайындау – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында тұрған ең маңызды мемлекеттік міндет. Бүгінгі күнге, облыс көлемінде басқармаға қарасты 53 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Аталған спорт мекемелерінде 29 862 спортшымен тұрақты түрде 1 122 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. 
Қазіргі таңда облыста спорттың 83 түрі қамтылған. Бүгінгі таңда 805 облыс спортшысы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. 
Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 655 медальға ие болса, бүгінгі күнге облысымыздың спортшылары 683 медальға ие болды. Оның ішінде: 223 алтын, 180 күміс, 280 қола медаль.

2024 жылы төртжылдықтың басты додасы саналатын «Париж – 2024» Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жамбылдық спортшылар керемет нәтиже көрсетті.  Төрт жылдықтың басты додасында Елдос Саметов 60 келіге дейінгі салмақта Париж олимпиадасының чемпионы атанса, паралимпиададан жерлесіміз Нұрдаулет Жұмағали жүзу спорты бойынша күміс жүлде еншілеп, ел абыройын асқақтатты. Жамбыл облысы әкімдігінің тарапынан және кәсіпкерлердің демеушілігімен батырларымызға лайықты Сый-құрмет көрсетілді. 

Міне, спортшыларымыздың олимпиададағы толайым табысы Жамбыл спортын, соның ішінде бұқаралық спортты және облыстағы спорттық инфрақұрылымды дамытуға оң септігін тигізері сөзсіз. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар