сенбі, 23 қараша, 2024 2:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол сапасы басты назарда

Жол сапасы басты назарда
ашық дереккөзі
Жол сапасы басты назарда
"Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым", - деп жазды президент. Осыған байланысты Жамбыл облысы жолдарының сапасын білмекке, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысымен тілдестік. Спикер облыстағы жолдардың сапасы туралы төмендегідей ақпарат берді. 2023 жылы жол саласына жалпы 24,9 млрд.теңге бөлініп отыр. Есебінен 5,5 шақырым көше жолдары құрылыспен, 9,6 шақырым қайта жаңғыртумен және 794,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылатын болады. Оның ішінде:             143 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;              91,5 шқ – аудандық маңызы бар;             575 шқ – елді мекен көшелері. Барлығы 500 жол жөндеу жобаларын іске асыру көзделіп отыр. Оның 8-і 2024 жылға өтпелі. Оның ішінде: - «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен – 33 жоба немесе 234,5 шқ. (7,2 млрд.теңге); - «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 234 жоба немесе  272,6 шқ. (6,1 млрд.теңге); - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 5 жоба немесе 10,8 шқ.  / 5,3 шқ жаңғырту, 5,5 шқ құрылыс/  (1,6 млрд.теңге); - «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 2 жоба немесе 4,3 шқ. (0,43 млрд.теңге); - Жергілікті бюджеттерден – 226 жоба немесе 287,3 шқ. (7,4 млрд.теңге). Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосатын болады. Көлік саласына келетін болсақ: Жамбыл облысы бойынша 134 автобус маршруттары /13 облысаралық, 29 – ауданаралық, 50 – ауданішілік, 37 – қалалық, 5 – қала маңылық/ ұйымдастырылған. Облысаралық 13 маршруттың ішінде қарапайым халық сұранысына сәйкес Тараз қаласы мен аудан орталықтарынан Алматы қаласы бағытанда – 8 маршрут, Шымкент қаласына –        3 маршрут, Қарағанды қаласына – 1 маршрут, Астана қаласына – 1 маршрут ұйымдастырылған. Ауданаралық 29 маршрут құрамында Тараз қаласы мен 8 аудан орталықтарын қосатын және екі ауданды өзара қосатын  3 маршрут ұйымдастырылған. Ұйымдастырылған ауданаралық 29 автобус маршруттың    6-әлеуметтік маңызы бар бағыттар. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар 3 темір жол маршруты бар. Тараз қаласы аумағында жолаушы тасымалдау қызметімен 9 тасымалдаушы мекеме 37 автобус маршруты бойынша 354 автобуспен (күнделікті желіде 300 бірлік) қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда, жалпы аудан әкімдіктерімен ауданішілік 50 маршрут ұйымдастырылған. Оның ішінде 29 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар. Жалпы облыс бойынша әлеуметтік маңызыбар 75 маршрутқа жалпы 2023 жылы 3,8 млрд.тг. /Ауданаралық - 123,5 млн. тг., Темір жол - 306,2 млн. тг., Ауданішілік - 402,1 млн. тг., Қалалық - 2,9 млрд. тг./ субсидия қарастырылды. 2021 жылға (1,1 млрд.тг.) әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қарастырылған субсидия көлемі 2023 жылы 3 есеге өсіп отыр. Облыс орталығындағы Әулие-ата әуежайынан (меншік иесі «SCAT» авиакомпаниясы) Астана, Алматы, Атырау бағыттарында әуе рейстері орындалуда. Әулие-ата әуежайынан әуе рейстерімен 2020 жылы 49 917 жолаушы, 2021 жылы 38 556 жолаушы, 2022 жылы 110 619 жолаушы (2 есе өсті) және ағымдағы жылдың 10 айдың ішінде   200 762 жолаушы тасымалданған. Ағымдағы жылы ұшу-қону жолағы мен перрон ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Аталған жұмыстарға «SCAT» авиакомпаниясы АҚ тарапынан 50,0 млн.тг. бөлінген. Барлық жұмыстар маусым айында аяқталған. Ағымдағы жылы «Тараз-Алматы» және «Тараз-Атырау» әуе рейстеріне 649,2 млн теңге субсидия бөлінген. «Тараз-Астана» әуерейсі коммерциялық болып табылады /күнделікті ұшады, билет құны 13 309 – 52 809 тг./. Сонымен қатар, 2024 жылға Өскемен қаласына жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бүгінде субсидиялауға қажетті өтінім Қаржы министрлігіне жолданған. Барлық әуе рейстеріне 1 819,5 млн.теңге субсидия қажет етеді. Оның ішінде: - «Тараз-Алматы» бағытына жалпы бір жылға 804,3 млн. теңге (қолдау тапты), - «Тараз-Атырау» бағытына жалпы бір жылға 510,8 млн. теңге. - «Тараз-Өскемен» бағытына жалпы бір жылға 504,4 млн. теңге. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, қоғамдық көлік саласында өзекті мәселе тасымалдаушы автопарктердің жылжымалы құрамдарын жаңарту мәселесі. Аталған бағытта 2019 жылдан бастап жалпы 192 бірлік жаңа автобус жеткізілді (2019 жылы – 70 бірлік, 2020 жылы – 15 бірлік, 2021 жылы – 32 бірлік, 2022 жылы – 37 бірлік, 2023 жылы – 38 бірлік). Ағымдағы жылы 38 бірлік («Автобус паркі 2020» ЖШС 20 бірлік,  «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 8 бірлік, Smart City Servise» ЖШС 10 бірлік) жаңа автобустар жеткізілді, қосымша жылдың аяғына дейін 45 бірлік жаңа автобустарды жеткізу жоспарлануда- деп жауап берді басқарма басшысы.            
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар