Қазақстандық оқушылар көктемгі демалыста немен айналысады
- авторjambylinfo.kz
- 11 наурыз, 2025
- 320

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың көктемгі демалысында өтетін іс-шаралар бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мектептердің барлық сыныптарына арналған гайдбукте демалыстың әр күні Наурызнама декадасымен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне арналған: отбасылық құндылықтар, мәдениет, ұлттық дәстүрлер, қайырымдылық, спорт және т.б. Мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар жоспарланған. Олар – театр фестивальдері, қойылымдар мен фильмдер көрсетілімі, шеберлік сағаттары, қауіпсіздік сабақтары, мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар, спорттық ойындар, қайырымдылық акциялары", – деп хабарлады министрлік.
Ұсынымдарда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп ішкі тәртіп ережелерін сақтау, көшедегі қауіпсіздік шаралары, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
Көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Биыл бес күндік жұмыс режимінде істейтін қазақстандықтар үшін Наурыз мерекесіне байланысты 21-25 наурыз аралығында бес күндік демалыс болады.
Мектептерде төртінші тоқсан 1 сәуірде басталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз