Өмір үшін күрескен чемпион қыз жан сырын ақтарды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 маусым, 2025
- 395

Дәрігерлер оған ауыр диагноз қойып, тіпті «алдыңда алты ай ғана ғұмыр қалды» деп кесіп айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Егер денсаулығымды толық бақылауға алмасам, алты айдан да аз өмірім қалғаны ескертілді», – деді түрік дәрігерінің сөзін еске алған Ақмарал.
Бірақ спортшы тағдырдың бұл үкіміне мойынсұнбай, жаттығуын әрі қарай жалғастырған.
«Емделу үшін Түркияға аттандым. Сол жақта дәрігер маған «егер бұл жағдайды толық бақылауға алмасаң, алты айдан да аз өмірің қалды» деп ашық айтты. Ол кезде ешкімнің Олимпиада туралы ойлануға да шамасы болған жоқ. «Алты ай ғана өмірі қалса, Олимпиада не керек?», – деді анам бұл хабарды естігенде. Бірақ мен сонда да Олимпиадаға қатысатыныма сендім. Маған 1-типтегі қант диабеті диагнозы қойылған. Жағдайым өте ауыр еді – үш-төрт ай бойы ағзамдағы қант мөлшері 30-дан төмен түспей қойды. Түрік дәрігер анализдерімді көріп, «Менің 25 жылдық тәжірибемде мұндай көрсеткішпен тірі жүрген адам болмаған. Көбісі комада жатыр немесе өмірде жоқ» деді. Ол менің мұндай жағдайда қалайша жаттығу жасап, күресіп жүргенімді түсіне алмады», – дейді Ақмарал Zamandas YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында әйелінің машинасын өртеген ер адам ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025
Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025