дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек маңызды мәлімдеме жасады

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек маңызды мәлімдеме жасады
Сурет:Instagram желісінен
Спортшы кеше елге оралған болатын

Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол чемпион болып елге оралудың артында жылдар бойғы еңбек, маңдай тер мен жақындарының қолдауы тұрғанын жазған. 

"Міне, менің спорт мансабымдағы ең әдемі және ең жоғары жетістектірмнің біріне қол жеткізіп, елге Чемпион Ақмарал болып оралып отырмын. Қанша қиындыққа тап болсам да, кедергілерге қарамастан арманыма, мақсатыма жете алдым. Осы жолда қолғабыс болған, жолымда кездескен әрбір жанға, Федерациямызға, біздей спортшыларды үздіксіз қолдаған Мемлекетімізге алғыстан басқа айтарым жоқ. Адамдар ешқашан өз арманынан бас тартпаса екен деймін. Менің жүрегімде Олимпиада чемпионы атану деген арман оянғанда отбасым осы арманыма жетуім үшін бәрін жасады. Менің арманым - олардың арманына айналды. Отбасымның әрбір мүшесі менімен бірдей күй кешті, менімен бірдей жол жүрді және жеңісіме куә болу үшін елден арнайы келіп, қасымнан табылды ", деп жазды спортшы. 

Пралимпиада чемпионы жолдасы, Мәди Амангелдіге ерекше алғысын білдірген. 

"Мәди Амангелді  менің тек күйеуім емес, менің жаттықтырушым да, спарринг партнерым да болды. Ол тек жаттығу залында емес, үнемі қолдап, менің арманымды өзінің арманымен бірдей көріп, осы мақсатқа жетуге маған барынша жағдай жасады", - деп ағынын жарылған ол. 

Сондай-ақ, пара спортшы қазір өзінің тарихи кезеңде өмір сүріп отырғанын, жарқын жеңісімен көптеген адамға үміт сыйлағанын атап өтіп, адам ешқашан өзінің арманынан бас тартпауы тиіс екенін жазған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар