сенбі, 24 мамыр, 2025 10:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркияда өтіп жатқан Ресей мен Украина келіссөздері аяқталды

Түркияда өтіп жатқан Ресей мен Украина келіссөздері аяқталды
Фото: pexels
Сондай-ақ, Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров БАҚ алдында олардың тарапы, ең алдымен, атысты тоқтату мәселесін талқылағанын айтты.

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының үш жылда алғаш болған келіссөздері аяқталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.zakon.kz сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, кездесу шамамен екі сағатқа созылды. Ресей делегациясы үзіліс алып, залдан шыққаны белгілі. Кездесу қорытындысы бойынша олар жақын арада баспасөз алдына шықпақ. 

Сонымен қатар, Украина президенті Владимир Зеленский де аталған кездесуге қатысты өз ойын айтып үлгерді.

"Егер Путин Түркияға келуден қорықпағанда осы аптада біз соғысты аяқтау тұрғысында маңызды қадамдар жасауға нақты мүмкіндік алар едік. Мен кеше Анкарада болдым, президент Ердоғанның шараға ат салысуы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтамын. Путинмен Анкарада немесе Ыстамбұлда тікелей кездесуге дайын болдым. Кездесуге дейін ғана емес, менің ойымша, барлық маңызды мәселелерді шешу үшін. Бірақ ол ештеңеге келіспеді. Путинді айтамын. Ыстамбұлға келген Ресей делегациясы өте төмен деңгейде екені белгілі. Оның құрамында Ресейде шынымен шешім қабылдай алатын бір де бір адам жоқ. Соған қарамастан, мен Украинаның Қорғаныс министрі бастаған біздің команданы Ыстамбұлға жібердім, ең құрымағанда ресейліктер шынымен де бір нәрсені шеше алатынын білу үшін!", - деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, Украина соғысты аяқтау үшін барлық нақты қадамға баруға дайын.

"Мен Путинді өз делегациясына нақты өкілеттіктер беруге шақырамын. Күні бойы Ыстамбұлда не болып жатқанын және Ресей делегациясы нақты қадамдар жасай алады ма, соған қатысты барлық мәліметпен бөлісіп отыратын боламын", - деп сөзін түйіндейді Украина басшысы.

11 мамырда түстен кейін Украина басшысы Владимир Зеленский Путиннің келіссөздер туралы ұсынысына қатысты жауап берді. Ол бұл жаңалықты жақсылыққа балап, алдан не күтетін ойымен бөлісті. Кейін Ердоған Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Дональд Трамп Киевті Путиннің Түркиядағы келіссөздер туралы ұсынысына келісуге шақырды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар