Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды шара өтті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 16 мамыр, 2025
- 147

Бүгін Жеңіс саябағында Шохан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Отты жылдар қаһарманы» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басқосуда Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен офицер Ақәділ Суханбаев сынды батырлардың ерлігіне арналған театрландырылған көрініс қойылды.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері соғыс жылдарындағы мұрағаттық құжаттарды зерделеп, майданнан тылға, тылдан майданға жолданған жауынгерлер хаттарынан үзінділер оқып берді.
Жиын барысында поэтикалық композициялар оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, соғыс ардагерлерінің әскери киімдері мен жеке құжаттары жұрт назарына ұсынылды.
Кездесудің тағы бір ерекшелігі – фотокөрме, тарихи еңбектер, мемуарлар мен деректі басылымдар қойылып, қала тұрғындары үшін батырлар өмірінен терең мағлұмат алуға мүмкіндік жасалды.