сенбі, 24 мамыр, 2025 7:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында шаруа қожалығынан 16 қой мен қозыны ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Жамбыл облысында шаруа қожалығынан 16 қой мен қозыны ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті азамат анықталып, қазіргі уақытта заттай айғақтарды тәркілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында полицейлер қой ұрлығына күдікті азаматты ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Талды жайылымында орналасқан шаруашылық қожалығында мал ұрлығы болғаны туралы хабар түскеннен кейін, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицияға ұсақ мал өсірумен айналысатын шаруашылық басшысы шағымданып, белгісіз біреулердің иелігіндегі 16 қой мен қозыны жасырын түрде ұрлап кеткенін мәлімдеді. 

"Мал ұрлығының негізгі себептерінің бірі — иелерінің жайылымды дұрыс ұйымдастырмауы, малды түнгі уақытта қараусыз қалдыруы және таңба салмауы. Мұндай жағдайда жануардың ұрланғанын дәлелдеу мен тану қиынға соғады. Көптеген мал иелері нақты қашан ұрлық болғанын көрсете алмайды, өйткені малдарын апталап жайылымда қараусыз қалдырып кетеді. Ал ұрлық туралы кеш хабарлауы қылмысты ашу процесін одан әрі күрделендіреді", - деді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Таникеев.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар