Жамбыл облысындағы 70 ауылда бірде-бір АӘК алушылар жоқ
- авторjambylinfo.kz
- 21 маусым, 2021
- 174
Ең негізгісі, АӘК алушылардың саны 69 мыңнан 50 мың адамға, яғни 19 мыңға дейін азайған. Облыстағы 356 ауылдық елді мекеннің 70-інің тұрғындары АӘК алмайды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, орташа жалақы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өскен.
10 ауданнан 11 ауылдық округ қатысқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жоба да жемісті нәтижесін беріп келеді. Жобаның бес бағыты бойынша 9,2 миллиард теңге игеріліп, 944 миллион теңге несие қарызы өтеліпті.
21 мың тонна дәнді және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөністер мен бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнімдері өндірілген.
Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 36 пайызға азайды. Аталған ауылдық округтерде АӘК алушылар саны 1058 адамға азайып, 2282 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында PFIZER вакцинасының I-компонентімен 5517 тұрғын қамтылды
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2021