....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 6:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған

Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
ашық дереккөзі
Алаяқ тірі анасын жерлеу үшін тұрғындардан ақша сұраған
Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі. Оның әзірге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық іске қатысы бары анықталып отыр.
Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан "соғымға" деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - дейді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар