жексенбі, 24 қараша, 2024 18:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда эпидахуал күрделеніп барады

Алматыда эпидахуал күрделеніп барады
ашық дереккөзі
Алматыда эпидахуал күрделеніп барады
Алматыда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны 2 есе өсті. Қала «қызыл» аймақта. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті.
Оның айтуынша «омикрон» штамының пайда болуына байланысты қала тұрғындары арасында күн сайын вирус жұқтырушылар саны артып келеді. «Омикрон штамының «дельта» штамын ығыстыруына байланысты вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Оны тәуліктік өсімнен байқауға болады. Соңғы күндері коронавирус жұқтырған адамдардың саны 2500-ге жетті. Қаңтар айының соңында бір күнде 3 мыңға жетеді деген болжам бар», дейді Алматының бас санитарлық дәрігері. Сонымен қатар, ол мегаполисте коронавирусты қайта жұқтырғандар саны артқанын жеткізді. «Алматыда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны соңғы аптада екі есе өсті. Жыл басынан бері 16 есеге артқан. Айта кету керек, бұл адамдардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған», деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар