сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 19:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Басты күдікті – анасы: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылды (видео)

Басты күдікті – анасы: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылды (видео)
ашық дереккөзі
7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов хабарлады. Оның айтуынша, балалардың анасы құрбысына телефон соғып, екі баласы өліп жатқан пәтердің мекен-жайын айтқан.

“Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде”,-дейді Қабденов.

Оқиғаға қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілген.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар