сенбі, 23 қараша, 2024 7:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Екпе салдыру – өз еркіңізде

Екпе салдыру – өз еркіңізде
ашық дереккөзі
Екпе салдыру – өз еркіңізде Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/262720-ekpe-saldyru-%E2%80%93-oz-erkinhizde © egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакциналау азаматтардың келісімімен ерікті түрде жасалады және 18 жасқа толмаған балаларға екпе салынбайды, деп хабарлады.

Денсаулық сақтау министр­лігіне қарасты санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау коми­тетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакциналау мәселелері бойынша азаматтардың өтіні­шіне байланыс­ты COVID-19 екпе салу тәртібі мен ережесін түсін­дірді.

«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакциналаудан жазбаша түрде бас тартуға құқылы. 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жас­тағыларға екпе салынбайды.

КВИ-ге қарсы вакциналау эпи­демиялық маңыздылығын ес­кере отырып, кезең-кезеңімен тегін ме­дициналық көмектің ке­піл­­дік берілген көлемі шеңбе­рін­де жүр­гізіледі. Биыл 1 ақпанда бас­талатын бірінші кезеңде ин­фек­циялық ауру­хана, жедел меди­циналық жәр­дем, реа­нимация және қабылдау бөл­мелері, санэпи­дқызметтің меди­ци­на­ қыз­меткерлері вакциналана алады. Ал 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім бе­ре­тін мек­тептердің, ЖОО-дың пе­дагогтері, медициналық қыз­мет­керлер екпе алса, 1 сәуір­ден бас­­тап үшінші кезеңде мектеп-ин­тер­наттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдырады.

Иммундау алдында егу салдыратын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен кері әсері, сондай-ақ егуден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беріледі. Ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту қағазы ресімделеді (ҚР ДСМ 13.06.2018 ж. №361 бұй­рығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» БК 1-қосымшасына сәйкес). Сондай-ақ әдістемелік ұсынымдарға 2-қосым­шаға сәйкес егілгендерге сауал­дама жүргізіледі.

Әйелдерге вакцина салмас бұрын жүкті емес пе, бала емізбей ме, соны анықтау қажет (күмәнді жағдайда жүктілікке тест жасауды және/немесе вакциналау мерзімін ауыстыруды ұсыну).

Сонымен қатар вакцинаның қа­уіпсіз екенін ескерген дұрыс. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тек­серістен өтеді, содан кейін ғана пай­далануға рұқсат етіледі. Вакцина на­рыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар