....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды

"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды
ашық дереккөзі
"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды
Алматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көргені туралы бейнежазба таралған еді, деп хабарлайды Жамбылинфо  EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Үндеуде жәбірленуші 9 жастағы қыз асырап алған анасынан қорлық көргенін айтады. Алайда, әйел асырап алған қызына қол ұшын тигізбедім дейді. Оның айтуынша, әріптестері қызды жалған сөйлетіп, бейнекамераға жазып алған. Тоғыз жастағы Раминаны асырап алған әйел Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылындағы мектептің бірінде география пәнінен сабақ береді.
Ыстық суға күйдірген бболсам денесі көлдіреп тұрмай ма? Құлағындағы жара мен шашының түсіп қалуы теміреткімен ауырғанынан. Ал оның ұрды-соқты деп зудыратқанына тоқталсақ, оған біреудің жаттатқызғанын көруге болады, – деп ақталады қыздың асыраушысы Айдам Ниязова.
Бұл өзіне қас адамдардың әрекеті деп отыр. Қызды асырап алған әйел де абыройыма нұқсан келді деп полицейлерге арыз жазды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар