дүйсенбі, 25 қараша, 2024 8:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
 width= Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Алмас Садубаев тағайындалды.
Алмас Садубаев 1984 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. 2005 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.
2007 жылы «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
2011 жылы Абай атындағы КазҰПУ-дың «аймақтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы;
2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, PR-директор қызметтерін атқарған.
2008- 2010 жылдары Алматы қаласында республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы,
2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы.
2010- 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген.
2011-2015 жылдар аралығында — «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры.
2015 жылдың 25 ақпанынан бастап министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек басқарма басшысын таныстырып, жемісті еңбек етуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар