....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Мектеп оқушыларымен кездесті

Мектеп оқушыларымен кездесті
ашық дереккөзі
Мектеп оқушыларымен кездесті
Тәртіп сақшысы – қоғамдық қауіпсіздікті қадағалаушы әрі қамтамасыз етуші. Сымдай тартылған сымбатты тұлғасына көрікті формасы мен көркем пагоны жарасып, жан-жағына батылдылығымен, әділділігімен, қайраттылығымен қашанда үлгі. Оның үстіне, бұл күнде полиция қатарына мамандар қабылдау, оларды тәрбиелеу мен дайындау жүйесі мемлекетіміздің ішкі істер органдарының нығаюының іргетасы. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №54 мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесіп, болашақ ізбасарларына ҚАЖ саласы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ол өз сөзінде полицей болу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге болатынын түсіндіріп өтті. Кездесу соңында Отанға адал қызмет етуге ниетті жасөспірімдер тәртіп сақшысы болуға ұмтылатындарын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар